Салығыңыз қанша екенін ұялы телефоннан-ақ біле аласыз
Шығысқазақстандықтар қанша теңге салық төлеуі керегін өзінің компьютерінен немесе қалтателефонынан біле алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстағы филиалы ескертті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Иә, салық төлейтін мекемедегі ұзын сонар кезекте тұрып, уақыт жоғалтпаған абзал. Ең бастысы ЭСҚ (электрондық сандық қолтаңба) арқылы egov.kz порталында тіркеулі болсаңыз жеткілікті.
Бір реттік пароль арқылы порталға еніп, «салық және қаржы» бөлімін таңдайсыз. Оның ішінде «салық берешегін қарау және төлеу» батырмасы, содан кейін «онлайн тапсырыс беруге» басасыз.
– Осыдан кейін барып берешегіңіздің бар-жоғы кестеге шығады, – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметкері.