KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да "Zhas star" фитнес орталығы ашылды

23.09.2019, 10:23 132

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Алексей Трунов атындағы «Zhas star» фитнес орталығы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш орталыққа дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Алексей Труновтың аты берілді. Жастарға есігін айқара ашқан орталықта студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Жабдықталған спортзалы, киінетін, жуынатын бөлмелері бар.  

Фитнес орталықтың ашылу салтанатына университет ректоры мен спорт сүйер студенттер "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаров пен Алексей Труновтың қызы Ирина Корнилович қатысты.

 – Ең алдымен университет басшылығына алғысымды жеткізгім келеді. Әкеп бізге жол сілтейтін темірқазықтай болатын. Ол саналы ғұмырын отбасы мен өз ісіне арнады. Міне әкемнің өмірден өткеніне 20 жылдан астам уақыт өтсе де, оған бұрыңғыдай құрмет танытуда. Бүгінгі шара әкемнің қандай адам болғанын айғақтап тұрғандай,  – деді Ирина Корнилович.

Жастар үшін ашылған фитнес орталық таңертеңгі сағат 07:00-ден түнгі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал демалыс күндері орталықтың жұмысы сағат 09:00-ден бастап, 19:00-де аяқталады.

Университет ректорының айтуынша, Фитнес орталықты жабдықтау үшін бюджеттен тыс 10,5 миллион теңге қаражат бөлініпті. Тегін абонемент 50 студентке берілген. Алдағы уақытта белсенді жастар үшін ақысыз тағы да 50 тегін абонемент бөлінеді.

Жалпы келушілер үшін айлық абонементтің құны 3000 теңге көлемінде. Ал бір реттік абонемент 400 теңге тұрады.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив