Қазақстанда бірқатар университеттер жабылады
ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев елімізде бірқатар университеттердің жабылатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Білім сапасы жоғары оқу орындары өз жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыра береді. Мемлекет басшысы атап өткендей, білім сапасы төмен және түлектерді жұмысқа орналастыра алмайтын жоғары оқу орындарына қатысты қатаң шаралар қабылдануы тиіс. Яғни стандартқа сай емес, саны бар да, сапасы жоқ білім ордалары жабылады, – деді ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев.
Оқи отырыңыз