Бердібек Сапарбаев Өскемендегі балалар ауруханасының құрылыс нысанымен танысты
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев Өскемендегі балалар ауруханасының құрылыс нысанымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2014 жылдан бері салынып жатқан нысанның жалпы құны 13,5 миллиард теңгеге жуық. А, Б, В, Г блоктарынан тұратын аурухананың бас корпусы 200 науқасты қабылдай алады.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының 95%-ы орындалды. Яғни нысан толық салынып бітті деуге болады. Алайда ауруханада қажетті құрал-жабдықтың 45%-ы ғана бар. Мамандардың айтуынша, кабинеттер толық жабдықталуы үшін 5 миллиардқа жуық қаражат қажет. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда, құрылыс нысаны 16 желтоқсанға дейін халық игілігіне беріледі.
Үкімет басшысының орынбасары құрылыс нысанына оң бағасын берді.