Жыл басынан бері 400-ге тарта бала ата-анасының салғырттығынан қаза тапты
Жыл басынан бері 118 бала жол апаты салдарынан қайтыс болды, 123 сәби суға кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылы 312 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған және оның 108-і көз жұмған. Сондай-ақ тұрғын үй секторындағы өрт кезінде 16 бала қаза тапқан екен.
– Құрметті ата-аналар, жолда жүру дағдыларын қалыптастырудың негізгі тәсілі – баланы үнемі қадағалау. Үлкендердің өздері жол ережесін сақтап үлгі болуы керек. Ағымдағы жылы жол-көлік оқиғаларында 118 бала қаза тауып, 2 275 бала түрлі дәрежедегі жарақат алды. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі азаматтарды өз балаларын үйде қараусыз қалдырмауға шақырады, –деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.