KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
495.95 524.37 4.98

Бұқтырмаға батып кеткен жігіттің денесі табылды

21.08.2019, 04:20 188

 Бес күн бұрын Бұқтырмаға батып кеткен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алтай ауданының ветаринария бөлімінде жұмыс істеген Ақылбек Зұлпатай 15 тамыз күні суға кеткен болатын. Бөлім басшысы Қайдарбек Тұратауов оқыс жағдайдың барысын былай баяндаған еді:

«Үш қызметкер (екі жігіт, бір бойжеткен) Быков ауылынан қайтып келе жатқан.   Олар Малеевск көпірінің жанына тоқтап, өзенге шомылмақ болған. Жігіттер суға түскен, ал қыз көпірде қалған. Ақылбек кенет суға батып, жоқ болып кеткен»

Іздеу жұмыстары бір жұмаға жуық уақытқа созылды. Марқұмның туыстары бес күн бойы жағадан бір қадам алыстамаған екен. Сондай-ақ құтқарушыларға суға кеткен азаматтың әріптестері келіп қосылған еді. Алайда көптің көмегі де Ақылбекті айтып келмеген ажалдан арашалай алмады.  

Сүңгуірлер жігіттің денесін Парыгино ауылының маңынан тауып, полицияға тапсырды.

Айта кетейік, Ақылбектің артында жары мен үш баласы қалды.     

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу