Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Айта кетейік, Түркияның тау шаңғы курортындағы өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті. Шаңғы курортындағы өрттен қазақстандықтар зардап шекпеген.
Еске салайық, Түркияның Болудағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы өртке байланысты ауыр қайғыны бастан кешуде. Өрт құрбандарының көп болуына байланысты 22 қаңтар елде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.