KZ
Өскемен
небольшой снег жел 7 м/с, ОБ
527.58 546.15 5.29

УЕФА-ның Суперкубогін алған команданы жас отандасымыз марапаттады

16.08.2019, 04:17 91

 

Түркияның Бешікташ қаласындағы стадионда УЕФА-ның Суперкубогі аяқталды. Жеңімпаздарды марапаттауға жас отандасымыз Әли Тұрғанбеков қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биылғы жыл Англия футболы үшін жемісті болды. «Ливерпуль» Чемпиондар Лигасын, «Челси» Еуропа Лигасын жеңді. Жеңді де осы екі ұжым Суперкубокқа таласты. Бұл бәсекеде «Ливерпульдің» айы оңынан туып, пенальтилер сериясын сәттті аяқтады (5:4). Ал ойынның негізгі есебі – 2:2.

Бұл кездесу «Бешікташ Парк» стаионында өтіп еді. Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде бас төреші Стфани Фраппарға жас отандасымыз көмек көрсетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

– Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли, сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын! – деп тілек білдірді Президент мырза.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу