KZ
Өскемен
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

ШҚО ауылдарының бірінде жол жөнделіп жатыр. 183,8 миллион теңге бөліпті...

5.08.2019, 06:31 160

Шығыс Қазақстанда Глубокое ауданына қарайтын Малоубинка атты ауыл бар. Облыс орталығынан 65 шақырым жерде. Өскемен-Риддер трассасынан бөлініп, ауылдың өзіне бастайтын 10 шақырымның сапасына тұрғындар шығым айтқалы он жылдан асқан шығар. Жол жөнделе бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тасжолдың тас-талқанын шығарған «MAN»-дартұғын. Алып автокөліктер Малоубинканың  арғы жағындағы «Снегириха» шахтасынан (қайда екені белгісіз) кен тасымалдайтын. «Солар бүлдірді...» деп кіжінетін көлігімен жолдың шұрық-тесігін түгендеп келе жатқан шопырлар.

«Снегириха» жабылды. Оған да бірнеше жылдың жүзі болды. Енді, міне, малоубалықтар үшін сүйіншілеген жаңалық жетті. Жол жөнделіп жатыр.

Автожол жеке ұйымның қаражаты есебінен  жөнделіп жатқанын айта кету ләзім. «Востокцветмет» ЖШС жөндеуге 183,8 миллион теңге бөліпті. Қайталаймыз, жөнделетін жолдың  ұзындығы 10,5 шақырым.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу