«Адам сияқты ұйықтаудан қалдық». Семей тұрғындарынан маза кетті (ВИДЕО)
«Адам сияқты ұйықтаудан қалдық». Ішімдікке сылқия тойғандардың арқасында Семейліктер оятқыштың дауысын ұмытқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Первомайский 30 б мекен-жайы бойынша орналасқан «Мыңбастау» дәмханасының қасында тұрамыз. Бейнежазба таңғы сағат 5.00 шамасында түсірілген. Күнде көретініміз осы. Ішімдікке сылқия тойып алғандар таң атпастан бүкіл көшені бастарына көшіреді. Осы мәселе бойынша бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Полиция қызметкерлері әрекетсіздік танытып отыр. Өзіміз дәмхананың иесімен сөйлестік, алайда ол бізді тыңдағысы да келмейді, – дейді ашынған тұрғын.
Дәмханаға келушілерден әбден шаршаған тұрғындар "3 жыл шыдадық, шыдамның да шегі бар" деп отыр.