Бесқарағайдың ауылдарында «Workout» алаңдары ашылды.
Глуховка, Белокаменка, Стеклянка ауылдарында «Workout» алаңдары ашылды. Оған Парламент мәжілісінің депутаты В.Олейник қатысып, жиылған қауымға жылы лебізін білдірді.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Баталов, облыстық мәслихаттың депутаты Т.Адильев пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Омаров қатысып, халықпен тілдесті. Ал көк лента қиылған соң ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жергілікті өнерпаздар әуелете ән шырқады. Осылайша, мерекелік шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Енді салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымды нығайтамын деген ауыл тұрғындары үшін бұл сүйікті нысандардың біріне айналады.