KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

"Бастықтар да тапсырыс береді" - Бородулихалық шебер

26.07.2019, 09:14 83

Бородулихалық шебер Қайнар Қайроллаұлы бесік жасаумен айналысады. Бұдан бөлек, ол ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқтар мен жиһаздарды да шығарады.

– Бесікті қарағайдан жасаймын,өйткені бұл ағаштан бөлінетін оттегі еңбектеген баланың да, еңкейген қарияның да жанын тыныштандырады, – дейді ол.

Жас шебердің осы кәсіпке бет бұрғанына көп уақыт бола қоймапты. Десе де оның қолынан шыққан бұйымдарға тапсырыс берушілердің қарасы мол.

– Ең алғаш рет бесікті тұңғыш ұлым дүниеге келгенде жасап, әлеуметтік желідегі парақшама жүктедім. Кейін тұтынушылар көбейе бастады. Шынымды айтсам, Батыс Қазақстан облысынан көп тапсырыс түседі, – дейді Қайнар Қайроллаұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу