KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

25 шілдеде алдағы жыл мезгілінің қандай болатынын біле аласыз

25.07.2019, 11:17 196

Бұл күні алдағы келе жатқан күз және қыс мезгілінің қандай болатынын анықтауға мүмкіндік бар екен. Ол үшін әр түрлі халықтардың арасындағы наным-сенімдер мен ырымдарға сүйенуге болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ел арасында түрлі наным-сенімдер мен ырымдар айтылып жүретіні белгілі. Солардың ішінде 25 шілдеге арналған бірқатары алдағы күндері және келесі мезгілде ауа райы қандай болатынына болжам жасауға мүмкіндік береді деседі.

Егер бұл күні ауада көп аралар ызыңдап  ұшып жүрсе – алдағы күндері ауа райы жақсы болмақ,

Жазық далада шық пен тұман түссе де алдағы уақытта күн ашық болады деп күтіледі. Керісінше, күн ыстық болса, ауа райы бқзылады деген сенім бар.

Бұл күні орманда саңырауқұлақтар көп болса – жақын арада қатты ыстық келеді.

Дәл 25 шілде күні ауа райы жайлы, жылы болса, алдағы күз мезгілі де жауын-шашынсыз әрі жылы болмақ. Егер бұл күні жаңбыр жауса, күздің күндері бұлтты, жауын-шашын жиі болмақ, сондай-ақ, астық шықпай қалуы да мүмкін. Ал қыс мезгілінде қар көп жауады деп болжайды.

25 шілдеде күн суық болса – қыс мезгілінің аяздары да қатты болмақ.

Егер ағаштардың басында жапырақтар сарағайып бастаса – күз ерте түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив