ШҚО-да жол ережесін патрульдік полиция көліктерінің көшірмелері бақылайды
ШҚО-да жол ережесін патрульдік полиция көліктерінің көшірмелері «бақылайды», деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Қазіргі уақытта Полиция департаментінде патрульдік көліктердің 4 көшірме муляжі бар. Оларды жолдардағы ең қауіпті жерлерге орналастырамыз. Жүргізушілер жылдамдықты шектен тыс асырмауы үшін осындай амал істеледі, – деді департаменттің баспасөз қызметкері.
Олар ұсынған мәліметке сүйенсек, жол апаттарының үштен бір бөлігі осы жылдамдықты асыру салдарынан болады. Мәселен, жыл басынан бері 394 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, соның 124-і шектен тыс жылдам жүргеннен.
Оқи отырыңыз