KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

ШҚО-ның фермерлеріне сүтті қалай өңдеу керектігін үйретеді

21.07.2019, 11:19 95

Семейдегі «Нұр» шаруақожалығың базасында шығысқазақстандық шаруаларға арналған сүтті алғашқы өңдеу және қажетті құрал-жабдықтар тақырыбында семинар өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл іс-шараны «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы, «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қолдау» кіші бағдарламасы шеңберінде «Атамекен» біліктілік орталығының тапсырысымен кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр. Семинарға қатысушыларға «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты» ЖШС зертханасының аға-ғылыми қызметкері Зәуреш Смағұлова дәріс оқиды.

Өтетін орыны: Семей қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26.

Уақыты: 26.07.2019;

Семинарға тіркелу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуларыңызға болады:

8-7232-702-953, 8-7222-562-867.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу