KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Өскемендегі «Алтай» волейбол клубы логотипін өзгертті

19.07.2019, 11:27 175

Өскемендегі «Алтай» волейбол клубы өз логотипін өзгертті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Клуб қызметкерлерінің айтуына қарағанда, бұндай қадамға барудың екі түрлі себебі болған көрінеді. Біріншіден, бұған дейінгі логотип «Алтай» футбол командасының «елтаңбасына» қатты ұқсас еді. Екіншіден, жаңа логотип ойыншыларға жаңа серпін береді дейді жаттықтырушы құрам.

Жаңа логотипте қарлы шыңдар бейнеленген. «Алтай» қыздарының алар асуы Алтайдың өзіндей биік, асқақ дегенді білдірсе керек.

Айтпақшы, команада жаңа логотип ойлап табуда жанкүйерлерінің көмегіне де жүгінді. Әлеуметтік желідегі ой-талқыда айтылған пікірлер сөзсіз ескерілді.

   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив