"Екі жыл ішінде" – Өскемен-Алакөл тас жолын жөндеу туралы айтты
Өскемен–Алакөл тас жолы екі жылдың ішінде жөнделіп бітеді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Келер жылы Алакөл төңірегінде ірі инфрақұрылымдық жобалар басталады. Ең әуелі – әуежай.
«Келер жылдан бастап бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалаларды қолға аламыз. Алғашқылардың бірі – ол Үржар ауданы орталығындағы аэропорт. Қазіргі таңда ұшу-қону жолағын қайта құруға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы аяқталды. Сондай-ақ, қосымша энергия көзін беретін 110 кВТ желінің құрылысы бар. Толқын қайтарғышы бар толқын тосқауылдарын орнату арқылы жағажайды бекіту жұмыстарын жалғастырамыз. Жаңадан бой көтеретін 60 ға шағын ауданға су құбырларын тартып, су жинау құрылғыларын, сонымен қатар кәріз желілері мен тазарту, сүзу жүйелерін жүргіземіз», – деп жазды Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы жазғандай, Өскемен–Алакөл тас жолы екі жылдың ішінде жөнделіп бітеді.