KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да келер жылы тағы бір тас жол жөнделеді

3.10.2019, 06:33 126

ШҚО-да Барлық Арасан шипажайынан Алакөл демалыс зонасына дейінгі аралықтағы жол жөнделмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жолды жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 300 миллионға жуық қаражат жұмсалады. Бұл туралы ШҚО Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Марат Қабақовтың мәлімдеді.

Сонымен қатар, Алакөлдің жағалауында инфрақұрылымды дамыту бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, суқұбырын тарту, әуежайды қайта құру және жаға қорғайтын толқын тосқылар құрылысы. Бұл жобаларға 27 миллиард теңге қарастылыпты.

- Барлық жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзір. Кейбіреулері республикалық комиссияның бюджеттік өтініміне енгізіліп қойды. Сондай-ақ, қазіргі таңда Алакөлдің жағалауында түрлі жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар іздестіріліп жатыр, - дейді басқарма басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив