Анықтамалық әдебиеттер қымбаттады
Қазақстанда анықтамалық әдебиеттердің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда, анықтамалық әдебиеттердің бағасы 8,3%-ға қымбаттаған. Қазақстан бойынша, оқулықтардың орташа құны 1345 теңгені құрайды.
Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларында оқу құралдарының бағасы әжептәуір көтерілген. Ал Қарағанды, Семей, Павлодар тұрғындары болса оқулықтарды арзанырақ бағамен сатып алады екен.
Оқи отырыңыз