KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, В
530.12 546.08 5.17

"Шыққан уақыты тіркеледі" – Жолдарда жылдамдықты бақылаудың жаңа жүйесі

17.07.2019, 04:44 132

Әкімшілік полиция комитеті алдағы уақытта республикалық маңызды жолдарда көліктердің жылдамдығы қалай бақыланатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Мысалы, бір көлік астанадан Бурабайға шықты дейік. Сол көліктің мемлекеттік нөмірі мен шыққан уақыты А бекетіндегі бақылау құрылғысына тіркеледі. Содан кейін оның Бурабайға жете бере Б бекетінде келген уақыты жазылады. Осылайша көліктің қанша уақыт жүргені анықталады да, жолда жылдамдықты шекетн асырған-асырмағаны белгілі болады, – деді Комитет басшысының орынбасары Әлібек Кеңесбаев.

Оның айтуынша, жылдамдықтың шегі әрбір жолдың сапасына қарай белгіленеді. Кей жерде – 50, кей жерде – 100 дегендей...

– Алдағы уақытта аталмыш жүйе енгізілуі мүмкін. Біз осы арқылы ұзын жолдардағы жол апатының санын азайта аламыз, – деді Ә.Кеңесбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу