KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
488.91 532.62 5

"Сергек" және планшет. Полиция Өскеменді карантин кезінде қалай бақылайды?

1.04.2020, 11:32 199

Каранитин кезінде Өскемен қаласын полиция басқармасы қалай бақылайды? Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мен полиция басқармасының басшысы Дәуір Ибараев айтты.

Дәуір Ибраев сөзінше, тәртіп сақшылары Өскеменді шартты түрде 200 шағын аумаққа бөліп бақылайды. Күн сайын полиция мен әскерилер – барлығы 3 300-ден астам қызметкер үш ауысымда кезекшілікке шығады. Әр ауысымның жұмыс уақыты – 8 сағат.

– Қала іші аумақтарға шартты түрде бөлінетінін баса айтып кетейін. Көшеде ешқандай қоршау, шлагбаум болмайды және сарбаздар арсылдатып ит ертіп жүрмейді, – деді Жақсылық Омар.

Осы орайда қала тұрғындарының бірі «Мысалы, мені үйден дүкенге шығарда бір полицей белгіледі, ал осы белгіленгенімді дүкендегі полицейге қалай дәлелдеймін?» деген сұрақ жолдады.

– Әрбір полиция экипажында планшет бар. Барлық ақпаратты олар планшет арқылы біле алады. Адамдардың кірген-шыққан уақыты мен ЖСН нөмірі көрсетіліп тұрады. Ал біз полиция қызметкерлерін «Сергек» камералары арқылы ситуациялық орталықта қарап отырамыз, – деп жауап берді оған Дәуір Ибраев.

Жақсылық Омардың айтуынша, қалада 4 мыңдай бақылау камерасы жұмыс істейді. «Камералар әрбір ауланы алақандағыдай көрсетеді».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив