KZ
Өскемен
-7°
туман жел 4 м/с, В
530.12 546.08 5.17

250 дәрігер Семейден ауылға барып жұмыс істейтін болды

3.07.2019, 05:54 177

Семейдің медициналық оқу орынын бітірген түлектердің 200-ден астамы ауылды жерге жұмыс істеуге аттанды. Енді аудан орталықтарындағы емханалар акушер-гинеколог, хирург, тіс дәрігері, терапевт сынды қат мамандармен толығады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асқан 10 жылдың бедерінде талай жас ауылға аттанды. Біз де осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналасып, кәсіби маман атанбақпыз. Денсаулық сақтау саласына тың күш қосатынымызға сенімдіміз, – дейді Бородулиха ауданының жас маманы – резидент-эндокринолог Балауса Жұматаева.

Семей медициналық университетінің қызметкері Гүлназ Таңатарованың айтуынша, биыл 743 студент оқуды аяқтаған. Соның 250-і өз облысымыз бен көрші Павлодар өңірінің ауылдарына барып жұмыс істемек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу