«Сергек» камерасы орнатылған бағанды құлатып кетті
Жол-көлік оқиғасы Согра кентінде болды. Жеңіл автокөлік «Сергек» камерасы орнатылған бағанға соғылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Соның салдарынан электр тарату желісінің тірегі құлап, көлікті басып қалған.
Оқиғаға куә болғандар фотосуретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктепті. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Полиция жол апатының жай-жапсарын анықтауда.