28 жастағы жігіт Ертіс көпірінен секірмек болды (ВИДЕО)
Кеше сағат 18.00 шамасында жас жігіт Ертіс көпірінен секірмек болды. Оқиғаға куә болған адамдар оны райынан қайтаруға тырысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көпірдің жақтауына шығып алған жігітті жиналған жұрт әңгімеге тартып тұрғанда, полиция лейтенанты Дәурен Саяқов жүгіріп жетеді. Тәртіп сақшысы өмірмен қош айтыспақ болған жігітті ұстап қалып, көпірдің жақтауынан алып шығады.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 28 жастағы қала тұрғыны сол сәтте мас күйде болған екен.
Оқи отырыңыз