Тарбағатайда ауылдың маңында аю жүр (ВИДЕО)
Тарбағатай ауданына қарасты Ахметбұлақ ауылының маңында аю жүр. Ауыл тұрғындары жыртқыш аңды бейнежазбаға түсіріп алыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш видео Instagram әлеуметтік желісіндегі osa_uka_vko парақшасында жарияланып отыр.
Бейнежазбада аю адамдардан еш сескенбей, қол созым жерде шөптің үстінде жатқанын көруге болады. Аюдың қимылынан еш қауіп-қатер байқалмаса да, адамдар оған тас лақтырып, айқайлап, үркіте бастайды. Бұдан кейін аң қашып, адамдардан алыстап кетеді.
Оқи отырыңыз