KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

«Алтайды» енді италиялық маман жаттықтырады

15.06.2019, 08:17 365

Өскемендік «Алтай» волейбол клубы құрамындағы қыздар командасының бас бапкері қызметіне италиялық маман Лука Кьяппини тағайындалды. Бұл туралы клубтың инстаграм парақшасында жазылған.

«Осыдан бірер күн бұрын команданың бас бапкері Юрий Панченко келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Алтай» волейбол клубымен әріптестігін тоқтатқан болатын. Оның орнына волейбол әлеміне танылып үлгерген 46 жастағы Лука Кьяппини келді. Италиялық маман қазақстандық клубтың ұсынысын қуана қабылдап, команданы жаңа деңгейге көтеру үшін күш-жігерін аямайтынын жеткізді. Ол осыған дейін «НРК» (Италия) және «ХПК Хямеэнлинна» (Финляндия) сияқты бірнеше команданы жаттықтырған. Лука Кьяппини өз қызметіне команда ойыншылары демалыстан оралған соң кіріседі» делінген клуб мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Лука Кьяппини былтырғы маусымда Италияның А1 Сериясында (жоғары лига) өнер көрсеткен «Полиспортива Филоттрано» командасын жаттықтырған. Осы ретте аталмыш ұжым былтырғы Италия біріншілігін 11-шы орында аяқтағанын айтқан абзал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу