ШҚО-да көлігінің терезесін қараңғылаған полицей жазаланды
ШҚО-да көлігінің терезесіне тонировка жасатқан полиция майоры жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қызметтік көлігінің артқы және жақтау терезелерін қараңғылаған полицейды Глубокое ауданы Белоусов кентінің тұрғыны байқап, үстінен шағым түсірген.
– Бұл – жариялылық пен ашықтыққа қайшы әрекет. Қарапайым жүргізушінің шағымы қараусыз қалған жоқ. Б. есімді Глубокое аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры тәртіптік жауапқа тартылды, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз