KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
519.28 540.05 5.31

«Полиция көлігінің шамы жанбайды, мемлекеттік нөмірі көрінбейді»

25.10.2019, 03:50 104

Облыс әкімінің блогына МАИ қызметкерінің ереже бұзғаны туралы шағым түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Полицейдің қызметтік көлігінің мемлекеттік нөмірі көрінбейді. Сондай-ақ артқы шамының біреуі жанбайды. Бұл Сәтпаев даңғылында 1 қазан күні болды», – делінген шағымда.

Әкімдік хабарлауынша, бұған қатысты тексеру жүргізілді.

«Бұл – Глубокое аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы. Ол Әкімшілік кодекстің 590-бап 5-тармағы бойынша (көлікті пайдалану ережесін бұзғандықтан) айыпқа тартылды», – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу