KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
519.28 540.05 5.31

ШҚО-да 16 полицей жазаланды

8.11.2019, 05:52 146

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде қызметтік құжатты жариялағаны үшін қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл сұмдық оқиға 28 қазанда Шемонайха қаласында болған. 

Қызметтік құжатта тергеудің нұсқасы бойынша 7 жастағы қыз баланы туған әкесі зорлағаны көрсетілген. Сондай-ақ, ол қыз туралы жеке мәліметтер де әлеуметтік желі арқылы таралып кеткен болатын.

«Шемонайха аудандық полиция бөлімінің 16 қызметкері қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Олардың қатарында аудандық полиция бөлімінің басшысы да бар. «Көрінеу кәмелетке толмаған баланы зорлау» және «Өзіне қол салу» баптары бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеуін айрықша бақылауға алдым», - дейді полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.

Туған қызына зорлық көрсеткен 29 жастағы күдікті өзіне қол салған екен. Оның мәйітін тәртіп сақшылары іздеу шараларының барысында тапқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу