KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

WhatsApp ереже бұзған қолданушыларды сотқа бермек

12.06.2019, 06:09 273

Адамдар арасында аса танымал WhatsApp мессенджерінің компаниясы қолданушылармен соттасуға дайын екенін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Компанияның қауіпсіздік туралы жаңартылған бөлімінде ережелер жарияланған. Сол ережелерді бұзған қолданушылардың үстінен компания енді сотқа шағым түсіретін болады.

-2019 жылдың 7 желтоқсанынан бастап WhatsApp қызмет көрсетудің талаптарын бұзған және оны теріс пайдаланған қолданушыларға қатысты шара қолданады, - деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Ереже бұзу тізіміне автоматты түрде немесе жаппай хабарлама тарату, бағдарламаны жеке мақсатта пайдаланбау кіреді. Сондай-ақ, мессенджерден тыс жерлерде WhatsApp-қа қатысы бар ереже бұзу фактілері де ескеріледі екен.

Бұдан бөлек, компания алдағы уақытта WhatsApp қолданушыларының арасында ақша аудару қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив