Шығыс Қазақстанда 15-23 градусқа дейін жылу күтілуде
5, 6 және 7 қазанда Шығыс Қазақстанда күн жылы әрі құрғақ болады, деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, скандинавиялық антициклонның әсерінен өңірде күн ашық болып, ауа температурасы 15-23 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ түнде кейбір жерлерде ауа температурасы минусқа дейін төмендейді.
7 қазанға қарай суық атмосфералық фронт келіп, жаңбыр жауып, жел күшейіп, күндізгі температура төмендейді деп болжануда.
Оқи отырыңыз