KZ
Өскемен
+8°
туман жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Семейдің полицейлері балаларды қуантты

3.06.2019, 10:36 141

Семей қаласының полиция қызметкерлері Қалалық балалар оңалту орталығынына ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атаулы мерекелік күнде ойын-сауық бағдарламасы ұсынылып, түрлі сыйлықтар таратылды. Әуезов бөлімінің полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасылармен бірге, ал Затондық полиция бөлімшесі алты бірдей баланы тәрбиелеп отырған Ақылбаевтар отбасымен бірге биологиялық орталықты аралап қайтты. Назардан тыс қалдырмаған полиция қызметкерлеріне көп балалы ана Эльмира Бикеновна өз алғысын жеткізді.

- Мұндағы басты мақсат балалардың шатыққа бөленуіне титтей де болсын үлес қосу. Жануарлар әлеміне саяхаттап, алаңсыз балалық шақтарының қызықты өтуіне себепкер болу – дейді кадр жұмысы бөлімі қызметті ұйымдастыру және өткеру бөлімшесінің бастығы полиция майоры Еркебұлан Жаркенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив