KZ
Өскемен
снег жел 4 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО менингокк инфекциясымен ауырғандар саны бойынша көш бастап тұр

28.05.2019, 05:29 171

Шығыс Қазақстан менингокк инфекциясымен ауырғандар саны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Қазіргі уақытта ел көлемінде бес адам стационарлық емделуде жатыр.

 

– Стационарлық емделуде бес науқас бар. ШҚО-да 2 адам, БҚО, Ақмола және Алматы өңірлерінде бір-бір адамнан. Сондай-ақ, тағы екі адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікке ілініп отыр. Олар ШҚО мен Ақтөбе облысында, –  деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.

 

Комитеттің ақпаратына сүйенсек, республикада менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты. Өткен жылы осы уақытта аталмыш ауру бойынша 60 науқас тіркелген болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу