KZ
Өскемен
снег жел 4 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

Аягөздің шалғайдағы ауылдарына шағын автобустар жүре бастады

27.05.2019, 05:17 197

Тоқсаныншы жылдардан бері жолаушы тасымалы тоқтап қалған бұл бағыттар енді мемлекет тарапынан субсидяланудың арқасында қайта жандана бастады, деп хабарлайды Алтайньюстің Аягөздегі  тілшісі.

Аягөз ауданының жер көлемі ұлан-ғайыр, халқының саны көп өңір болғандықтан,қарым- қатынас та ұлғаятыны бесенеден белгілі. Осыны ескерген аудан әкімдігі жергілікті бюджеттен 21 млн. теңге бөліп, елді мекендерге автобустар жүре бастады. Осыған дейін жүріп келген такси бағасынан арзан боғандықтан, биліктің бұл қадамын құптаушылардың саны артып келеді.

Жаңа бағыттарға шыққан шағын автобустардың жолақысы да қымбат емес.Мәселен, Үржар ауданымен шектесіп жатқан Ақшәулі ауылына дейін жолкіре 500 теңге болса, қиырдағы Баршатас ауылына дейін 1000 теңге болады.Сондай-ақ, тау қойнауына орналасқан Тарбағатай елді мекеніне бару үшін 550 теңге ғана төлейсіз. Ал дәл осы бағытқа бұрын таксишінің қолына 1200 теңгені санап беруге тура келетін.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу