Жалған ақшаны үш түрлі әдіспен ажыратуға болады
Банкноттардың сапасын жақсартуға, оларды дайындау барысында озық технологияларды қолдануға қарамастан, әлемде жалған ақшалардың көлемі өсіп барады. Әдетте көбіміз қолма-қол ақшаның номиналына қараймыз да, оның қорғаныш элементтеріне назар аудара бермейміз. Жалған ақшаға алданып қалмау үшін неге назар аудару қажет?
Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Тоғжан Әбішеваның айтуынша, теңгені көбінесе лазерлік принтерді қолдана отырып қолдан жасайды.
Ұлттық банк өкілі жалған теңгені ажырату үшін «Сезін – қара – аударып көр» әдісін қолдану керектігін айтады.
Алдымен банкнотты сезіну қажет. Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Бұл – банкнотты шығаруға жасалған арнайы қағаз. Барлық банкнотқа банкноттың өзіне бедер беретін арнайы мөр қойылған. Бұл – саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын шығыңқы жоғары бедерлі элементтер.
Қараған кезде ақша белгісі таза ма, қарама-қарсы немесе лас емес пе, дақтары, аққан бояулары бар ма, барлығына мұқият мән беру керек. Сол сияқты қағаздың бетінде жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде көрінетін, жазуы бар пунктирлер – тұтас магнитті және үзік-үзік (металл) жіпті көру қажет.
Соңғы әдіс – «Аударып көр». Банкноттарда түсі өзгеретін арнайы бояумен салынған бейнелер болады, банкноттарды аударған немесе көлбеу бұрышын өзгерткен кезде олардың түсі жасыл түстен алтындатылған түске дейін өзгереді екен.