KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, СШ
504.34 556.34 5.97

Өскемендегі колонияның қызметкерлері Балалар үйіне барып қайтты

25.05.2019, 05:07 380

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/22 мекемесінің қызметкерлері «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан балалар күні және соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қазақ халқы істеген жақсылығын жария қылмайды ғой, алайда басқа да ұйымдар игілікті істі іліп алып кетсін деген ниетпен біздің мекеме қызметкерлері ұйымдастырған қайырымдылық акциясы туралы айтуға тура келіп тұр. Бала – ел болашағы, біз оларға жылу сыйлап, өздерін қолдайтынымызды білдіруіміз керек, – деді аталмыш мекеменің бастығы Бақытжан Ниязбеков.

Мейрам қарсаңында құттықтап келіп тұрған аға-әпкелерін балалар да құрқол қайтармады. Ән мен биден шашу шашып, өнерлерін паш етті.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу