ШҚО-ның белсенді жастары Қостанайда ерекше форумға қатысуда
Шығысқазақстандық белсенді жастар Қостанайда өтіп жатқан жастар форумына қатысуда.
Мұндағы басты мақсат - екі елдің ерікті жастары арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, өзара тәжірибе алмастыру.
Айта кетейік, бұл ауқымды шара Жастар жылына орай ұйымдастырылды. Бүгін айтулы шараның ашылу салтанаты еліміздің агроөнеркәсіп саласын өркендетуге зор үлес қосып келе жатқан Қостанайдағы сужаңа Жастар сарайында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастармен қатар ресейліктер де қатысуда.
Ел жастарының көптен бері күткен шарасының ашылуына облыс әкімі Арxимед Мұxамедов қатысып, жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. Бұдан соң Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сөз алып, жас еріктілерді белсенді болуға шақырды.
Ал ертең болашағынан зор үміт күттіретін жастар Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеспек.
Айтулы форумға қатысушылардың бірі, облыстық ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабековтің айтуынша, бұл шараның маңызы зор. - Жастардың ой-өрісін дамытып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік береді, - дейді Еркебұлан Балтабеков.
Айта кетейік, бүгінде Шығыс өңірінде 2265 ерікті жас бар. Олардың дені өңір игілігі үшін еңбек етуде.