KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
521.81 543.67 5.05

"99-шы бапты талап етемін!" - Көмір үшін өлген дзюдошының анасы

15.05.2019, 04:43 166

Семейде дзюдошы Жасұлан Абиевтің қазасына қатысты сот процессі аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алты айға созылған сот процессі тәмам. 14 мамыр күні Семей қаласының №2 соты айыпталушы Маулен Марленовқа қатысты үкім шығарды. 1994 жылығы азамат ҚР ҚК 106 бабы 3 тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Яғни сот «қасақана адам денсаулығына зиян келтірудің соңы, абайсызда адам өліміне әкеліп соқты» деген тұжырымға келді. 8 жыл – аталмыш бапта көрсетілген ең аз мерзім екенін айта кетейік. Сот төрағасы бұл ретте айыпталушының бұрын сотталмағанын да негізге алып отыр. Бұдан бөлек Марленов зардап шегуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.

Ал Жасұланның жақындары сот шешімімен келіспейді. Қайта шағымдануға ниетті.

– Бұл абайсызда болған жағдай емес, қасақана өлтіру. Сол себепті істі 99-бап бойынша қарау керек еді. Оның үстіне қазаға адамдар тобы қатысты. Бастапқыда үш адам ұсталған болатын. Оның біреуі – Ракишев Әділет. Тағы екеуінің есімін бізден жасырып қалды. Кейін оларды шығарып жіберді. Бірақ күтпеген жерде Марленов Мауленді отырғызып тастады.

Олар бір топ адам болып келген. Оның (Жасұланның) қасында болған шопырдың айтуынша, Жасұланды екі жағынан келіп ұстап тұрған. Екі минут ішінде-ақ өлтіріп үлгерген. Сондықтан мен 99-бапты талап етем, – дейді қайтыс болған азаматтың анасы Гүлнар Абиева.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2018 жылдың 12 қарашасында орын алып, үлкен қоғамдық резонанс тудырды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу