Қазақстанда бор қышқылын пайдалануға тыйым салынды
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бірқатар ресейлік өндірушілердің «бор қышқылы» препаратын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мұндай шара аталмыш препараттың адам денсаулығына зиян болуы мүмкін деген ақпараттың шығуына байланысты қабылданып отыр.
«Санитариялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының» филиалы бұл антисептик туралы ғылыми есептерді қайтарып алған екен.
Осы орайда ресейлік «Мелиген», «Рускерн», «ФЛОРА КАВКАЗА», «Самар фармацевтическая фабрика» өндірушілерінің осы препарат бойынша лицензиясының күші үш айдай уақытқа тоқтатылды.