KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Полторанин ұлттық құрамаға енбей қалды

30.04.2019, 15:10 170

2019-2020 жылдары шаңғы жарысынан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 15 спортшы өнер көрсетпек. Оның тоғызы – ер, алтауы – әйел, деп хабарлайды шаңғы жарысынан республикалық федерация сайты.

Бір айта кетерлігі, құрамаға бірнеше белгілі спортшы енбей қалыпты. Оның ішінде шығысқазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар.

– Ұлттық құрамадан алты спортшы кетті. Атап айтсақ, Николай Чеботько спорттық мансабын аяқтаса, Алексей Полторанин халықаралық шаңғы федерациясының шешіміне сәйкес жарыстардан шеттетілген. Ольга Мандрика керісінше, құрамаға оралды. Өкінішке қарай, қалған қыздарымыз өткен маусымда алға қойған мақсаттарға жете алмады. Сол себепті, бас команданың құрамын 15 адамға дейін қысқарттық, – дейді ұлттық федерацияның бас хатшысы Андрей Невзоров.

Осы ретте құрамадан тыс қалған спортшылардың қатарында Полторанин мен Чеботькодан бөлек, Ангелина Шурыга, Марина Матросова, Ирина Быкова мен Анжелика Тарасова (бәрі – спорт шебері), сондай-ақ Елена Коломина (халықаралық дәрежедегі спорт шебері) да бар екенін айта кеткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив