KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

ШҚО-да ескі көлікті утилге өткізіп жеңілдікпен жаңасын алуға болады

30.04.2019, 09:42 234

Өскемен және Семей қаласында ескі көліктерді қабылдап, өтемақы төлеп немесе жаңа отандық көлік алуға сертификат беретін бағдарлама жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Біз толық жиынтықтағы ескі автокөліктерді қабылдаймыз. Машина жүріп тұмаса да, қозғалтқыш, аккумулятор, радиатор сынды маңызды бөлшектері болуы керек. Егер көлік иесі ақша алғысы келсе, 150 мың теңге төлейміз немесе оның орнына сертификат бере аламыз. Ол сертификат арқылы Қазақстанда құрастырылған су жаңа автокөлікті 315 мың теңге жеңілдікпен арзан бағаға алуға болады. Ал егер екі бірдей ескі көлік өткізген жағдайда, бұл сома – 630 мың болады. Яғни жаңа көліктің 20% пайызы төленді деп есептеңіз. Сондай-ақ жүк сыйымдылығы үлкен және орташа темір тұлпарларды 750 және 615 мыңның сертификатына айырбастауға мүмкіндік бар, – дейді «Түркістан 2013» ЖШС-ның Өскемен қаласындағы аймақтық менеджері, аталмыш бағдарламаның ШҚО-дағы операторы Станислав Кравченко.
Көлікті өткізу үшін auto.recycle.kz ресми сайтына кіріп, тіркеліп, кезек алу керек. ЖСН тіркеп, парольді және электронды поштаңызды енгізсеңіз жеткілікті.

– Тіркеу біткен соң, клиенттің жеке жәшігі ашылады. Сол жерде қажетті тармақты таңдап, көлікті өткізетін уақытты белгілеу керек. Ал зейнеткерлерге тіптен оңай. 8-800-080-08-65 тегін нөмеріне қоңырау шалса, операторлар өздері тіркеп береді. Жеке жәшік ашылған кезде қарттар барлық қажетті мәліметтерді SMS арқылы жолдаса болады, – дейді Станислав Кравченко.

Станиславтың айтуынша, көлікті қабылдау пунктіне иесі өзі әкелуі керек. Қолында жеке куәлігі мен көліктің тіркеуден шыққаны жөніндегі анықтама қағаз болуы керек. Ал ақшалай өтемақы алғысы келген тұрғындар банктен шот номерін береді. Қаржы шотқа көлікті өткізгеннен соң 15 жұмыс күнінің ішінде түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив