KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Тұрақтандыру қорының өнімдері 30 теңгеден сатылатын болды

30.04.2019, 06:28 153

Өскемен мен Семейде тұрақтандыру қорындағы көкөніс өнімдерінің келісі 30 теңгеден сатылатын болды. Оған қордағы бес мың тоннадан астам өнімнің әлі сатылмағаны себеп болып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақта Ресей, Қытай және Қазақстанның басқа да өңірлерінен әкелінген көкөністер саудаланатын болғандықтан, тұрақтандыру қорының өнімі сатылмай қалған екен. Картоп, сәбіз, орамжапырақ пен пияздың әр келісіне қазына 59 теңгеден төлеген. Сол себепті, «Ертiс» ӘКК енді олардың келісін 30 теңгеден саудалауға бел буды. Баға жақын арада арзандайды.

Айта кетсек, тұрақтандыру қорының өнімдері Өскеменде 117 сауда орнында сатылады.

 

 

     

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу