Өскемен: полиция 7 жастағы бала түні бойы іздеді
Өскеменде 7 жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полицияға баланың анасы кеше түнгі сағат он шамасында хабар берді. Тәртіп сақшылары дереу топ жасақтап, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
– Жеке құрамының 270-тен астам қызметкері баланы түні бойы іздеді. Соның нәтижесінде бүгін таңертең полиция майоры Мақсат Смекенов пен полиция капитаны Сержан Ақпаев баланы саяжайлардың бірінен тапты. Балақай аман-есен үйіне жеткізілді, – деп мәлімдеді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.
Баланың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.
Оқи отырыңыз