KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Головкиннің боксына билеттер сатылып жатыр. Қарсыласы кім болды?

19.04.2019, 09:52 154

Геннадий Головкиннің боксына билеттер сатылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы Геннадий Головкин өзінің Twitter парақшасында жазды. Яғни, «GGG»-дің қарсыласы нақты анықталып қойды. Ол – әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл – Головкин мен DAZN стриминг сервисі арасындағы үшжылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы екенін айта кетейік.

 

«Барлық Big Drama Show жанкүйерлеріне, сіздер 8 маусымда TheGarden-да өтетін менің бокс кешіме арналған билеттерді ала аласыздар», деп жазды Отандасымыз.

 

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив