Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин жекпе-жегінің орны мен уақытын хабарлады
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) рингке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Vesti.kz жазды. Басылымның мәліметінше, Головкин кезекті жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. GGG "DAZN стриминг" қызметімен жасаған үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегіне шықпақ. Қарсыласы кейін анықталады.
Дегенмен Головкин осы уақытқа дейін екі бірдей танымал былғары қолғап шеберіне ұсыныс жасап үлгерді. Оның бірі – жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) болса, екіншісі - WBO және WBA титулдарына ие Хассан Н'Дам Н'Жикам (37-3, 21 КО).