KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Семейде жерқоймаға түсіп кеткен сиыр құтқарылды

19.04.2019, 09:22 297

Семей қаласының құтқарушылары тереңдігі 2 метрлік жерқоймаға құлап кеткен сиырды алып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ірі қара мал мұндай жағдайға қалай тап болып жүр?

Апаттық-құтқару операциясы Бобровка кентінде өтті. Центральная көшесіндегі жер үйдің ауласындағы ескі жерқоймаға байқаусызда сиыр құлап кетеді. Жерқойманың тереңдігі 2 метрдей. Малдың қожайындары құтқарушылардың көмегіне жүгінген екен.

Мамандандырылған №2 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары арнайы техниканың көмегімен сиырды алып шығады.

-Алдымен жерқоймаға мен түсіп, малдың аяқтарын байладым. Одан кейін біз манипулятордың көмегімен іліп, жоғарыға көтеріп алдық, - дейді бөлімнің аға нұсқаушысы Серік Сләмханов.

Сиыр жарақат алмаған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу