KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 3 м/с, Ю
523.2 594.3 6.38

Ринг-бендиден ШҚО құрамасы ел чемпионы атанды

16.04.2019, 03:32 149

Өскеменде ринк-бендиден ересектер арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті. Бес күнгі созылған додада ел чемпионы атағына алаң иелері, шығысқазақстандық бендишілер қол жеткізді.

 

Қалың оқырманға түсініктірек болуы үшін ринк-бенди дегеннің не екенін қысқаша айта кеткен абзал болар. 150 жылдық тарихы бар бұл ойын кәдімгі хоккейге ұқсайды. Тек мұндағы командалар шайбаның орнына доппен ойнайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл шағын мұз айдынында ойналатын допты хоккей.

 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан жерінде ринк-бендиден республикалық жарыс осыдан біраз бұрын ұйымдастырылған оқушылар арасындағы ел біріншілігін есептемегенде бұрын-соңды болмаған. Биылғы додаға бар болғаны төрт-ақ команда қатысса да, бәсеке қызу болды. Мұны жарыс жеңімпаздары, шығысқазақстандық команданың қақпашысы Кирилл Кириллов та айтты.

 

– Команданың қай-қайсысы да мықты екен. Барлығына да алғыс айтамын. Дегенмен, біздің команда шебер екенін аңғартты. Әсіресе, қорғаныста ойнайтын командаластарымның еңбегін атап өткім келеді. Негізі бізге мұндай жарыстар аса қажет. Өйткені, дәл бүгінгідей жарыстарға қатысу арқылы ғана тәжірибе жинақтап, шеберлікті шыңдауға болады, – дейді ол.

 

Жоғарыда айтқанымыздай, жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы топ жарса, екінші орынға солтүстікқазақстандық бендишілер ие болды. Ал үздік үштікті Ақтөбе облысының құрамасы түйіндеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу