KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность Штиль
504.76 593.8 6.5

Қар үстіндегі жыландар: ШҚО-да ғажайып табиғи құбылыс байқалды

18.04.2025, 12:30 391 Әбішев Ержан

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жыландар қысқы ұйқыларынан мерзімінен бұрын оянып, қар үстіне шықты. Бұл ерекше сәтті парк қызметкерлері суретке түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, қар үстіндегі жыландар – көктемде сирек кездесетін табиғи құбылыс.

– Ұлттық парк аумағының үлкен болуына байланысты табиғи процестер әр бөлігінде әртүрлі уақытта басталады. Бүгінде саябақтың шығыс бөлігінде қар еріп, ағаштар бүр жарып жатыр, ал батыс бөлігінде қар толық еріген жоқ, – дейді парк өкілдері.

Ауа райының күрт жылынуына байланысты жыландардың індеріндегі температура көтеріліп, олар қысқы ұйқыларынан ояна бастаған.

15 сәуір күні парк қызметкерлерінің бірі қар үстінен бірден тоғыз жыланды көрген. Олар әлі толық белсенділікке өтпегендіктен әлсіз болған. Жыландар адамдарға қауіп төндірмеген, керісінше қардан құрғақ жерге қарай қашуға тырысқан.

Фото: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу