KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Өскеменде саяжай автобустары жолға шықты

istockphoto.com

18.04.2025, 12:00 294 Әбішев Ержан

Өскемен қаласында саяжай маусымы ресми түрде басталды – қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қалада бау-бақша серіктестіктеріне қатынайтын маусымдық автобустар қайта жолға шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі кезде №13а, №4а және №7а бағыттары іске қосылды. Бұл автобустар саяжайларға қатынайды. Ал №25а бағыты алдағы апта ішінде іске қосылмақ.
Маусымдық бағыттар қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Сол себепті жолаушылардың қолайлығы үшін автобустар жүктемеге қарай арнайы кесте бойынша қатынайтын болады.
Өскемен әкімдігі қала тұрғындарына жайлы әрі тиімді тасымал ұйымдастыру үшін маусымдық көлік қозғалысын жіті қадағалап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу