KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Өскеменнің маңындағы ауылдардан оқушылар мектепке қайықпен келіп жүр (видео, фото)

12.04.2019, 10:41 154

 

Облыс орталығының жанында Ертіс арқылы қайықпен жүзіп баратын екі ауыл бар екен. Мектеп жасындағы балалар сабаққа бару үшін күнде қайықпен өзеннен жүзіп өтуге мәжбүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Басовая заимка және Водный ауылдары Ертіс өзеніндегі ГЭС-ке жақын тұста орналасқан. Онда жету қиын. Шамамен 60 үй өркениеттен оқшауланып жатыр десе болады. Ауылға апаратын жолды су шайып кеткен, маңы – жартас. Мұндай жерге кез келген көлік бара алмайтыны анық.

Тұрғындар қалаға жету үшін 6 шақырымдай таулы жермен жаяу жүріп өтіп, одан кейін қайыққа отырып, келесі жағаға жүзіп өтеді екен. Баласы бар отбасыларға, әсіресе, қиынға соғып жүр.

Осы жақта тұратын Соколовтар отбасында бес бала өсіп келеді. Ең кенжесі бір жарым жаста.  Күнде таңертең балалар өзеннен қайықпен жүзіп өтеді. Отағасы мүгедектік бойынша жұмыс істей алмайды. Жұбайы жалғыз өзі бүкіл отбасын асырап отыр. Үйдегі екі бала дүйсенбіден жұмаға дейін қаладағы мектеп-интернатта тұрады. Ал 10 жастағы Артем мен 9 жастағы Вика сабақтарына күнде қайықпен барып жүр. Ең жақын мектеп Аблакетка ауданында екен. Онда Вика оқиды. Артем Металлургтер мәдениет үйі (ДКМ) ауданындағы мектепке барады.

-Ауа райына байланысты кейде сабаққа бара алмай қалады. Қыс кезінде, аяз бен тұман түскенде, көктемде ағыс күшейіп, су деңгейі көтерілгенде, - дейді отағасы Игорь Соколов.

Осы орайда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұл жақтың тұрғындарына алаңдаушылық танытуда. Адамдар өзеннен өткенде құтқару жилетін кимейді. Өрт болған жағдайда, өрт сөндіру жасағы мұнда жете алмайтын көрінеді.

ШҚО ТЖД қызметкерлері аулаларды аралау барысында жергілікті тұрғындардың арасынан екі көпбаласы бар екенін анықтап отыр. Мамандар бірінші кезекте осы отбасылардың үйіндегі мұржаларды тазартып, иіс газына сезімтал датчик орнатып беріпті.

Дереккөз: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив